Президенттің жуырдағы Жолдауында ел дамуының маңызды шарттарының бірі ретінде темірдей тәртіп пен жоғары жауапкершілікке ерекше назар аударылды. Бұл қағидаттар мемлекеттік басқарумен ғана шектелмей, қоғамның күнделікті өмірінен көрініс табуы тиіс.
Заңды сақтау, қоғамдық мүлікке жанашырлықпен қарау, өз міндетіне адал болу және ортақ іске жауапкершілікпен қарау – өркениетті қоғамның негізгі белгілері. Әр азамат өз ісіне жауап бермейінше, елдегі өзгерістердің нәтижелі болуы қиын. Сондықтан тәртіпті сырттан талап етуден бұрын, оны әр адам өзінен бастауы қажет. Заңға құрмет пен адал еңбек ұштасқан кезде ғана Әділетті Қазақстанның іргесі нығая түседі.
Тәртіп пен жауапкершілік – дамудың берік негізі

