

Отырысқа партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, мекеме басшылары, Райымбек аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Жоспарға сәйкес күн тәртібінде екі мәселе қаралды. «Халықпен бірге!» 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының Алматы облысы, Райымбек ауданы бойынша орындалуы және кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарған жұмыстары туралы Райымбек ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі есеп беріп, кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған іс-шараларға тоқталып өтті. Күн тәртібінің екінші мәселесі «Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» басшысы Ф.Б.Ысқақованың «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау және бейінді ортаны қалыптастыру бойынша атқарған жұмыстары» туралы_есебіне арналды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша отырысқа қатысушылар сұрақтар беріп, аудан көлемінде кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беру, нақты іс-жоспар жасап оны жүзеге аса жауапкершілікпен атқару туралы ой бөлісті. Келесі мәселе ерекше қажеттілігі бар адамдарға қатысты болғандықтан бұл мәселені шешу кезек күттірмейтін болуы керек деген комиссия мүшелері депутаттық сауал беру арқылы мәселені шешуге ықпал ететіндіктерін айтты. Отырыс барысында қарастырылған мәселелер бойынша қаулы қабылданып ұсынымдар берілді.