


Райымбек аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті жиналысы болып өтті. Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес 5 мәселе қаралды:1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау.2. Райымбек ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Г.С.Кенебаеваның Райымбек ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен оның сапалық деңгейі туралы атқарған жұмыстарының есебі. 3. Райымбек ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Қаратаевтың «AMANAT» партиясынының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасында жоспарланған іс-шараларды орындау бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі. 4. ШЖҚ «Райымбек аудандық ауруханасы» КМК директоры Р.Е.Куккозовтың «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасында жоспарланған іс-шараларды орындау бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі. 5. Райымбек аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің депутаттық фракциясының мүшелерінің атқарған жұмыстары туралы есебі. Күн тәртібіндегі мәселелер толық қарастырылып, ұсыныс — пікірлер айтылып, қаулы қабылданып, нақты тапсырмалар берілді.