Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЖеке меншікке қол сұғылмаушылық — Конституция кепілі

Жеке меншікке қол сұғылмаушылық — Конституция кепілі

Әрбір азаматтың заңды жолмен тапқан мүлкіне — үйіне, көлігіне, жер теліміне және ақшалай жинағына иелік етуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, ешкімді өз мүлкінен соттың шешімінсіз айыруға болмайды. Ұрлық, тонау, алаяқтық немесе біреудің мүлкін қасақана бүлдіру ауыр құқық бұзушылық саналып, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Заң меншік иесінің құқығын қорғап қана қоймай, келтірілген материалдық шығынды толық өндіріп алуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар