Бүгінде мемлекеттік қызметтерді алу, келісімшартқа отыру немесе өтініш жазу үшін мекемелерге барудың қажеті жоқ — мұның бәрі смартфон арқылы жүзеге асады. Қазақстан заңнамасына сәйкес, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы бекітілген құжат қағаз жүзіндегі қолмен теңестіріліп, толық заңды күшке ие болады. Сонымен қатар, елімізде қабылданған Цифрлық кодекс цифрлық ортадағы барлық қатынастарды біріздендіріп, «цифрлық по умолчанию» қағидатын бекітті. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, бюрократия мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қызмет етеді.

