Қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін аса қауіпті әрекеттердің бірі — дайындалып жатқан жарылыс, өрт немесе терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру. Кейбір жасөспірімдер мұндай қоңырауларды «қалжың» ретінде қабылдағанымен, заң бұл әрекетті ауыр қылмыс ретінде бағалайды. Себебі жалған дабыл шұғыл қызметтердің (полиция, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем) жұмысын тежеп, адамдар арасында үрей туғызады. Заң бойынша мұндай қылмыс үшін бас бостандығынан айыруға дейінгі қатаң жаза тағайындалады.

