Бүгінде нейрожелілердің көмегімен шынайы өмірден айнымайтын суреттер, бейнелер (дипфейк) мен мәтіндер жасау оңайлап кетті. Осыған байланысты заңнамада жасанды интеллект арқылы жасалған кез келген синтетикалық өнімдер мен қызметтерді міндетті түрде таңбалау (маркировка жасау) талабы енгізілді. Бұл азаматтарды жалған ақпарат пен алаяқтықтан қорғауға бағытталған. Ал егер ЖИ жүйесі қателік жіберіп, біреуге зиян келтірсе, заң алдында технологияның өзі емес, сол жүйенің меншік иесі немесе оны пайдаланушы тұлға жауап береді.

