Домойhantengrigazeti.kz ақпарат«Жасанды интеллект туралы» заң: азаматтардың құқығы мен тыйым салынған әдістер

«Жасанды интеллект туралы» заң: азаматтардың құқығы мен тыйым салынған әдістер

Қазақстан Орталық Азияда алғашқылардың бірі болып «Жасанды интеллект туралы» арнайы заң қабылдап, технологияларды қолданудың құқықтық шекарасын бекітті. Заң бойынша жасанды интеллект дербес тұлға емес, тек адамның міндеттерін орындауға көмектесетін құрал ретінде танылады. Әрбір азамат өзіне қатысты шешімнің алгоритм арқылы қабылданғанын білуге және оның себебін түсіндіруді талап етуге құқылы. Сонымен қатар, заң адамның санасына жасырын манипуляция жасайтын, эмоцияларды келісімсіз анықтайтын, әлеуметтік рейтинг жүргізетін және жеке деректерді заңсыз жинайтын ЖИ жүйелерін қолдануға қатаң тыйым салады.

Жаңалықтар