Қазіргі заманда жеке деректер адамның цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Телефон нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, банк картасының мәліметтері, құпиясөздер мен өзге де ақпараттар алаяқтардың қолына түскен жағдайда түрлі құқық бұзушылыққа пайдаланылуы мүмкін.
Сондықтан азаматтар интернетте қандай мәлімет жариялап отырғанына мұқият қарауы керек. Әлеуметтік желілердегі парақшаларды қорғау, күрделі құпиясөз қолдану, мүмкіндігінше екі факторлы растауды қосу және күмәнді қосымшаларды орнатпау маңызды. Сондай-ақ қоғамдық Wi-Fi желілерін пайдаланғанда қаржылық операцияларға қатысты сақтық танытқан жөн.

