Интернеттің кең таралуы ақпарат алмасуды жеңілдеткенімен, алаяқтықтың жаңа түрлерінің пайда болуына да жол ашты. Қаскөйлер жалған хабарландырулар, күмәнді сілтемелер, жалған қоңыраулар мен хабарламалар арқылы азаматтардың ақшасы мен жеке деректерін иемденуге тырысады.
Кей жағдайда алаяқтар өздерін банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе белгілі бір ұйымның маманы ретінде таныстырады. Олар адамның сеніміне кіріп, асығыс шешім қабылдатуға әрекет етеді. Сондықтан телефон арқылы ешкімге банк картасының деректерін, құпиясөзді және SMS арқылы келген растау кодтарын айтуға болмайды.

