Домойhantengrigazeti.kz ақпаратӘр азаматтың міндеті – заң талаптарын сақтау

Әр азаматтың міндеті – заң талаптарын сақтау

Заң талаптарын орындау – қоғам мүшелерінің барлығына ортақ міндет. Азаматтың жасы, қызметі немесе әлеуметтік жағдайы оның заң алдындағы жауапкершілігін өзгертпейді. Әр адам белгіленген тәртіпті сақтап, өз әрекетінің салдарын түсіне білуі тиіс.

Көшеде жол ережесін бұзбау, қоғамдық орында өзгелерге кедергі келтірмеу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, еңбек міндеттерін адал орындау – заңға құрметтің күнделікті өмірдегі көріністері. Осындай қарапайым қағидалар сақталған кезде қоғамда тәртіп пен өзара сыйластық нығая түседі.

Азаматтық жауапкершілік үлкен істерден ғана көрінбейді. Ол адамның әрбір ісінен, сөзі мен әрекетінен байқалады. Сондықтан заңды сақтау әркімнің жеке ұстанымына айналуы қажет.

Жаңалықтар