Заң мен тәртіп – өркениетті қоғамның берік іргетасы. Қай елдің болмасын дамуы азаматтардың құқықтық мәдениетіне, заң талаптарын сақтауына және ортақ жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты. Заң үстемдік құрған жерде әділдік салтанат құрып, азаматтардың мемлекетке деген сенімі нығаяды.
Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана тәуелді емес. Әрбір тұрғын қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, өзгенің құқығын құрметтеп, заң талаптарына бағынуы қажет. Күнделікті өмірдегі қарапайым жауапкершіліктің өзі үлкен қоғамдық мәдениетті қалыптастырады.
Заңды құрметтеу – қорқыныштан туатын міндет емес, саналы азаматтық ұстаным. Сондықтан құқықтық тәрбие мен тәртіпті сақтау әр отбасында, білім беру ұйымдарында және қоғамдық ортада үздіксіз насихатталуы тиіс.

