Құқықтық мемлекет құру – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Бұл үдерісте азаматтардың құқықтық сауаттылығы, заңға құрметі және қоғамдық өмірге жауапкершілікпен қатысуы ерекше маңызға ие.
Мемлекеттік органдардың қызметі заңға негізделіп, азаматтардың құқықтары қорғалып, әрбір мәселе белгіленген тәртіппен шешілгенде құқықтық жүйенің беделі артады. Сонымен бірге қоғам мүшелері де заң талаптарын орындап, өз құқықтарын бейбіт әрі заңды тәсілдермен қорғауға ұмтылуы қажет.
Құқықтық мемлекет – ортақ мақсат

