Достық пен бірлік – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты негізі. Ұлт пен ұлыс, түрлі мәдениет пен дәстүр өкілдерінің өзара сыйластығы еліміздің басты байлығы саналады. Бірлігі жарасқан елдің берекесі артып, болашағы баянды болады.
Әрбір азамат татулықты сақтап, бір-біріне құрметпен қараса, қоғамда бейбітшілік пен келісім нығая түседі. Сондықтан достық пен бірлікті дәріптеу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Бірлігі бекем елдің алар асуы әрдайым биік.

