Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасылық және қоғамдық ортаға да әсер ететін факторлардың бірі. Сондықтан оның алдын алу тек медицина саласының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша алкогольді тұтынуға байланысты аурумен динамикалық бақылауда 91 349 адам тұрған. Оның ішінде 76 175-і ер адам, 15 174-і әйел, 131-і кәмелетке толмағандар. Сол жылы алкогольге тәуелділіктен 23 820 адам ем қабылдаған.

