Бұрын әлеуметтік қолдау көбіне материалдық көмек көрсетуге бағытталса, ендігі мақсат – азаматтарға өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беру. Бұл – халықаралық тәжірибеде де тиімділігі дәлелденген тәсілдердің бірі.Мақалада айтылғандай, әлеуметтік қолдау адамның өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, оның қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталуы қажет. Осы тұрғыда жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, білім беру, денсаулық сақтау және отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстардың өзара байланыста жүргізілуі өте маңызды. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасау, әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейту сияқты бастамалар әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.Менің ойымша, әлеуметтік саясаттың тиімділігі қабылданған бағдарламалардың санымен емес, халықтың күнделікті өміріндегі нақты нәтижесімен өлшенуі тиіс. Егер азаматтар сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасып, өз кәсібін дамытуға мүмкіндік алса, бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының дұрыс бағытта екенін көрсетеді. Сондықтан мақалада көтерілген бастамалар елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін.
Дастан Қасенұлы

