2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енді. Осы күннен бастап 1995 жылғы Конституцияның қолданысы тоқтатылды.
Жаңа Ата Заңда адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше мән берілген. Конституцияның жоғары заңдық күші сақталып, заң үстемдігі мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігіне қатысты нормалар бекітілді.

