Отбасы – ұлттық құндылықтардың, тәрбиенің және адамгершілік қағидалардың бастау бұлағы. Сондықтан оның құқықтық тұрғыдан қорғалуы әрбір азаматтың әл-ауқатына да, елдің тұрақты дамуына да оң әсер етеді.Мемлекет тарапынан отбасы мен балаға көрсетілетін қолдаудың артуы жас отбасылардың болашағына деген сенімін күшейтеді. Берік отбасы – берекелі қоғамның кепілі. Сондықтан бұл бағыттағы реформалар елдің демографиялық әлеуетін арттырып, ұлттың болашағын нығайтуға қызмет етеді.
Айгуль Бақытқызы

