3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Алматы облысында 50 заңсыз ойын мекемелерінің жұмысы тоқтатылды

Құмар ойынның құрығына түскендердің саны шаш етектен. Өйткені, казинолардан бөлек, онлайн ойындар сонымен қатар, букмекерлік кеңселердің дәуірі жүріп тұр. Жауапты мемлекеттік ұйымдар ұлтты құлдыратуға әкеп соғатын амалдардың алдын алу үшін тиісті шараларды қабылдауда. Алматы облысында да бұл тектес шаралар жүйелі түрде іске асуда.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойын бизнесінің объекттері Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.
Бұдан өзге жерлерде орналасқан казино, ойын автоматтары, тотализаторлар – заңсыз болып табылады.
Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті заңсыз ойын бизнесі объекттерімен жоспарлы жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2022-2024 жылдар аралығында Департаментпен 50 заңсыз ойын мекемелерінің жұмысы тоқтатылып, олардан 100-ден аса ойын терминалдары, покер үстелдері және компьютерлер алынды.
«Біз интернет-кеңістіктің тұрақты мониторингін жүргізіп жатырмыз, өйткені соңғы уақытта заңмен тыйым салынған онлайн-құмар ойындар кең таралған. Зерттеу барысында екі мыңнан астам заңсыз контент сайттары анықталды, оларды бұғаттау үшін тиісті мәліметтер уәкілетті органға жіберілді»,-дейді . Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысыныңорынбасары Данияр Қыдыралиев.
Спикердің сөзіне сенсек, «1WIN» ірі онлайн-казиносының заңсыз қызметі де әшкереленген. Аталмыш казионынң айналымы 6 млрд. теңгені құрайды екен, елімізде құмар ойынның жұмыс істеуін шетелдіктер қамтамасыз етіп отырған.
Данияр Ермекұлының айтуынша, тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталып, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздестіруге жарияланды, тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 млрд.теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ «Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» маркалы қымбат автокөліктер тәркіленген.
Айта кету керек, мемлекет басшысы ойын бизнесіне қатысты тиісті заңға қолған болатын. Заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізіледі.
Атап айтқанда, құмар ойындарға бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді. Енді олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалар қосылды.
Бұдан былай мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға бәс тігуге қатыса алмайды. Бұл шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару шарасы қарастырылған.
Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктері күшейтілді. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды.
Шын мәнісінде, лудомания сансыз қиындықтар туғызады, отбасының шайқалуы, күйзеліс барлығы құмар ойынның салдарынан орын алады. Лудоманиямен күрес, мемлекеттік органдардың ғана емес, ел халқының да бірлескен күш-жігерін талап ететінін естен шығармайық.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар