3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ЕЛ АҒАСЫ ЕЛУ БЕСТЕ

Қазіргі нарық заманында аузын ашса ақы сұрайтын адамдар мен бюрократ басшылардың кесірінен өз құқығын қорғай алмай жүрген, табан ақы маңдай терімен тапқан еңбек ақысын дұрыс ала алмай жүрген, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмай жүрген немесе азаматтық алуға қол жеткізе алмай  алмай жүрген бауырларымыз қаншама?..

   Қашан көрсең де қолынан телефоны, қолтығынан пәпкесін тастамайтын осынау бір аққұба өңді қағылез жігіт ағасының   көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жол сілтеп жүргенін көреміз. Бұл азаматтың есім, сойы- Әли Батырханұлы Мергенбаев. Әли, мешін кетіп, тауық туған 1969 жылдың, май тоңғысыз мамыр айының 11 ші жұлдызында Аспантаулар өлкесіндегі Райымбек ауданының Шәлкөде ауылында дүниеге келді. Сол ауылда мектеп бітіріп, 1987- 1989 жылдары әскери борышын өтеп қайтқан соң, Әл- Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін тарихшы мамандығы бойынша, кейіннен Алматы қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы заң университетін заңгер мамандығы бойынша оқып бітірді. Алматы қаласы Наурызбай аудандық «Нұр Отан» партиясында бақылау-тексеру коммисясының төрағасы болып жұмыс істеді.  Әли мектептің, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген өз ортасына сыйлы, беделді ұстаз әрі заңгер азамат.  Өзінен көмек сұраған жандарға көмектесуді азаматтық парызым деп түсінетін Әлиге бірде құрылыста жұмыс істеп жүрген Сүйінбай атты оралман жігіт 16 жастағы ұлының азаматтық ала алмай жүргенін айтып көмек сұрайды. Тіркелген жері бойынша Талғар ауданына алып барып, «Аманат» партиясы арқылы азаматтық алуына себепкер болады. Бір күні көлігімен  «Шаңырақ»  шағын ауданында көше бойында 3 кішкене  қызымен тұрған ерлі зайыпты екі адамды ала кетеді. Жол жөнекей жөн сұрасса,   жас келіншек  Өзбекстан Республикасының азаматы  әрі құжаты жоқ екенін айтады. Оларды Алатау аудандық көші қон полициясына  алып барып айыппұл  төлеу керек екенін біледі.  Айыппұлға  ақшаны  Қонаев қаласының «Арзан» дүкенінің қожайынына  телефон шалып қасындағы Данияр атты жігітке  қайтарымсыз 100 мың теңге алып беріп, Алатау аудандық «Аманат» партиясы арқылы барлық құжаттарын заңдастырып береді.  Енді бірде тролейбуста қатар отырып қалған қыздан жөн сұраса жұмыстан шығып қалған мұғалім екен. Қызды мектеп директорына ертіп барып, мән- жайды білген соң, КРУ арқылы тексертіп, жұмысқа қайта алдырған. Енді бірде өз фамилясы аттас бір қыздың қайда жұмыс істейтінін сұраса, ол мамандығы дәрігер бірақ, сертификаты болмаған соң түріктердің соус шығаратын фирмасында жұмыс істейтінін айтады. Қызға сертификат тапсыруға қажетті тест сұрақтарын тауып беріп көмек жасаған. Қазір ол қыз қаладағы орталық  ауруханада жұмыс жасайды. Сол сияқты бірде Өзбекстан азаматтығынан шыға алмай жүрген азамат үшін түнімен БҰҰ жарғысы мен  Өзбекстан конституциясын оқып, өзбек елінің консулы арқылы «қызыл паспорт» алуына көмектескен. Бұл паспортсыз олар азаматтықтан шығармайды екен. Сондай-ақ бірде Сәтбаев қаласынан кәсіпкерлердің қайтармаған ақша қаражатын қайтаруға да ықпал жасаған. Өзінің айтуы бойынша заңгер ретінде көбінесе мектеп директорлары мен мұғалімдер арасындағы еңбек дауларына араласады екен. Әлидің Шаңырақ ықшамауданында жерге таласып, бірін бірі  көрмей кеткен  екі көршіні бір дастарханға отырғызып  жарастырып кеткен де кезі болыпты. Мектептердегі жағдайы  келмеген  оқушыларға іскер  азаматтарды ұйымдастырып, » жетім көрсең жебей жүр» дегендей,  демеушілікпен де айналысқан. Айта берсек мұндай мысалдар көп. Көшеде кейбір танымайтын адамдар амандасып, «аға сіз бізге көмектескенсіз» дейді, бірақ ұмытып та қалам,- деп күледі Әли батыр. Ол 2012 және 2016 жылдары өткен қалалық мәслихатқа депутаттыққа партиялық іріктеу кезінде бірден-бір үміткер болған және партия мектебінде біліктілігін көтерген. Өз мамандығы мен бірге қоғамдық негіздегі осындай тынымсыз еңбегінің нәтижесінде, Қазақстан Республикасы президентінің «Алғыс хатымен,» ҚР білім және ғылым министрлігінің және «Нұр Отан» партиясының «Құрмет грамоталарымен», Әуезов және Науырызбай аудандық әкімдерінің, білім басқармаларының және Халықаралық ғылыми практикалық конференцияға қатысып, Мемлекет тарихы институтының «Алғыс хаттарына» ие болған.»Қазақ тарихы», «Ұлт болмысы», «Қазақстан тарихы » журналдарының мақтау қағаздарымен марапатталып, «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігінің «Күміс төс белгісін» кеудесіне тақты. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын,- дейді атам қазақ. Енді осыдан 5 жыл бұрын әріптесі Құралай Нұрғазы қызының «Әріптесіміз Әлі Батырханұлына» деген өлеңін сіздермен бірге оқып көрелік:

Көңілі дархан дария досым бармысың,

Тауда туып, тауда өскен жаратылысың тау мүсін.

Еліне арнап, ағайын, туыс бәріне,

Жүрегін жұлып, жұмсайтын оған бар күшін.

50 ге келдің алаңғып өмір есігін,

Жақсылығын көрген талайлар, білер есімін.

Ұстазсың тарихты тасқа жазатын,

Өжетсің, алдына түскен өмір көшінің.

Әкесің, үлгі балаға берер жылуын,

Адал жарсың, бір кешер өмір қызығын.

Ал біз үшін әріптессің  шынайы,

Біздің мамандық тек биікте тұрады.

Туған күніңмен, қос 25- ті  құраған,

Жарты ғасырың келді, Алладан сұраған.

Саған денсаулық, өмір тілейміз,

Азамат болса сендей- ақ болсын бір адам!, деп жырлаған Құралай ханымның жүрекжарды бұл арнау өлеңі әлі өз күшінде тұр.

Ердің жасы елуіңді артқа тастап, ел ағасы болып 55 тің төріне шыққан қадамың құтты болсын! Денсаулығың мықты, ғұмыр жасың ұзақ, еңселі елу бесің, асқарлы алпыс жасқа ұласа берсін Әли мырза, демекпін!!!

Елеусіз АХМЕТКЕРІМҰЛЫ, ҚР Журналистер Одағының мүшесі,

Райымбек ауданының Құрметті азаматы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар