Жуырда Сарыбастау ауылында С. Сауранбаев атындағы орта мектепте ауданымыздан шыққан ақын, Райымбек ауданының Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Қанат Тәліпұлымен кездесу кеші өтті. Ақын мектеп оқушыларымен және ұстаздармен кездесті. Кездесу кешінің өтуіне мұрындық болған С. Сауранбаев атындағы орта мектептің директоры Гүлбағда Жолдыбайқызы.
Қанат Тәліпұлы ұзақ жыл білім беру саласында еңбек етті. Сонымен қатар, шығармашылықтан да алыс болған жоқ. Қолына қалам ұстаған ақын ағамыздың өлеңдері республикалық, облыстық, аудандық баспасөз беттерінде жиі жарияланып жүр. Қ. Тәліпұлының «Туған ел асыл мекен», «Өмірімде – өлеңім», «Сағыныш екен бәрі де», «Жанымның жапырағы» атты кітаптары жарық көріп, оқырман назарына ұсынылды. Сондай-ақ, 1976-1979 жылдары ақындар айтысына шығып, ол ортадан да өзіне лайықты орынын алды.
Кездесу барысында ақынның өмірбаяны оқылып, шығармалары насихатталды. Оқушылар мен ұстаздар Қ. Тәліпұлына сұрақтарын қойып, өлеңдерін жатқа оқыды. Ақын ағамыз кездесу ұйымдастырған С. Сауранбаев атындағы орта мектептің директоры Гүлбағда Жолдыбайқызы мен мектеп ұжымына алғысын төмендегі өлеңі арқылы жеткізді.
Өз тілшіміз