20.1 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

АБЫРОЙ  БИІГІНДЕ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшылары бас қосып Текес ауылдық округінің әкімі болған Таубалдиев Нұрболат Құрашұлын зейнеткерлікке шығарып салды. Аталған азамат ауыл әкімі болған жылдары туған жеріне бар-күш жігерін салып еңбек етті. Еселі еңбегі бағаланып, бейнетінің зейнетін көретін уақытқа да жетті. Н.Құрашұлын осынау қуанышымен аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы арнайы құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде Н. Таубалдиевтың еңбек жолымен таныстырып, «Алдағы уақытта артыңыздағы жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, әлі де ел ісіне араласып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, аман-есен жүріңіз» деген ыстық ықыласын арнады. Сонымен қатар сый-сияпаттар табыс етіп, әріптестерінің қошемет-құрметімен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Таубалдиев Нұрболат Құрашұлы 1962 жылы 23 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1990 жылы жоғары оқу орнын «Физкультура және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979-1983 жылдары «Текес нан қабылдау кәсіпорынының жұмысшысы болып бастаған.

1983-1991 жылдары Текес орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болды.

1991-1998 жылдары Текес бастауыш мектебінің ұйымдастырушы менгерушісі.

1998-2000 жылдары Қ.Шорманов атындағы орта мектебінің директоры.

2000-2020 жылдары Қ.Шорманов атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

2020 жылы Текес ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

2020-2024 жылдары арасында Текес ауылдық округінің әкімі болып жемісті еңбек етті.

Абырой биігіндегі азаматқа барша әріптестері құрмет көрсетіп, жақсы тілектерін жаудырды. Біз де сол тілектерге қосылып, Н. Құрашұлына жақсылық тіледік.

Перизат ІЗТЕЛЕУ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар