8.6 C
Нарынкол
Воскресенье, 28 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

Поэзия патшалығында

ҒАЛЫМ  ЖАЙЛЫБАЙДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  КЕШІ  ӨТТІ

  Ақиық ақын елінде, Қасиетті Қарасаз жеріндегі жылдағы дәстүр бойынша өткізілетін “Поэзия патшалығында” атты әдеби жыр кешінде жаңа деңгей, жаңа леп! Биылғы кездесуді республикалық көлемдегі ақын-жазушылармен ұйымдастыру жоспарланып, Қарағанды облысы Жаңарқа ауданы “Жеңіс” ауылында дүниеге келген көрнекті ақын, Ресей Жазушылар Одағының С.Есенин атындағы алтын медалінің, «Құрмет» орденінің, бірнеше медальдардың иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Баянауыл жане Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы. Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай шақырылды. “Поэзия патшалығы” жобасына шақырту алған Ғалым ақын шақыртуға қуана келісіп, бірқатар адуынды ақын-жазушыларды қасына ертіп ауданымызға құтты қадамын басты.

      Қарасазға келген қонақты ең алғаш Мұқағали Мақатаевтың мұражайында қарсы алу игі дәстүрге айналған. Дәстүрден айнымай Ғалым Жайлыбайұлы бастаған ақындарды Мұқағали Мақатаев музейінде қарсы алып, ақын өміріне негізделген экспонаттармен таныстырып, Ғалым ақынның өзін де таныстыруға арнайы суреттер әзірленді.

     Ғалым Жайлыбаймен қатар отырып сұхбаттасып, сауал қойып әдеби кешті жүргізу бақыты жерлесіміз, айтыскер ақын, Алматы облыстық мұражайлар бірлестігінің қызметкері Айбек Ережепке бұйырып, ақынның өткен ғасырдағы қасіретті кезең бейнеленген «Қара орамал» атты аза дастаны  жайлы сыр шертілді. Ақын өлеңдері барша Қазақ даласынан шабыт алып, қанаттанғандай. Әдеби кездесу кешіндегі кезекті сөз кезегі, Қазақстан жазушылар одағының төрағасының орынбасары Бауыржан Жақыпқа берілді. Сонымен қатар, Алматы облыстық “Алатау арайы” газетінің бас редакторы Қадірбек Құныпияұлы, ҚР Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы, жазушы Қанат Әбілқайыр, ақын Алмас Ахметбек өз құттықтауларын жеткізді. Тәңіртау тұрғындарына ризашылықтарын білдірген ардақты ақындар мұзбалақ ақынның рухына мәңгі құрмет танытатындықтарын айтты. “Поэзия патшалығы” әлі де жалғасын табатынына, талай ақын жазушылардың шығармашылығын шыңдайтынына зор сенім білдіреміз.

Соңғы жаңалықтар

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК, ҚАҒЫСЫ ЕРЕК – НҰРАҒА

1 сәуір – қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші-композитор, дирижер, домбырашы халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Осы орайда, қазақ...

Осыған ұқсас мақалалар