26.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ҰСТАЗДАР ШАҢҒЫ ТЕПТІ

Денсаулық – адам баласының бірінші байлығы екені анық. Денсаулыққа көңіл бөлу – өмірді сүйудің бір тармағы. Осы орайда аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы «Қамқор-2» филиалының ұйымдастыруымен «Қысқы денсаулық фестивалі»-2024 атты аудан білім мекемелерінің қызметкерлері арасында шаңғымен жүгіруден және шанамен сүйреуден жарыс өтті.

     Бұл шараның басты мақсаты білім қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын нығайту және таза ауада көңілді демалуға жағдай жасау болып табылады. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Саят Ерсайынұлы, білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы «Қамқор-2» филиалының төрағасы Ұлықпан Әбек ағаларымыз құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

     Жарысқа аудандағы жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс, мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемелерінің педогог қызметкерлері қатысты. Шаңғымен жүгіруге жарыс жолына шыққан ұстаздар жас ерекшелігіне байланысты 35 жасқа дейінгі, 35-45 жас аралығында және 45 жастан жоғары болып үш санатқа бөлінді. Жас ерекшелігіне қарай ерлер мен әйелдердің жүгіру қашықтығы да әртүрлі болды. Жарыс жолына аяқтарына шаңғы байлап шыққан қатысушылар сайысты тартысты етіп өткізді. Бірінен бірі қалыспай барын салып мәреге бұрын жетуге тырысты.  

«Қысқы денсаулық фестивалі» — 2024 атты аудан білім мекемелерінің қызметкерлері арасында шаңғымен жүгіру жарысының қорытындысы төмендегідей болды.

  35 жасқа дейінгі ерлер арасында: 1- орын Абай Мағжан А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп. 2- орын Сәрсенбі Айбек С. Сауранбаева атындағы орта мектеп. 3- орын Болатжан Тимур Жәмеңке атындағы орта мектеп.

35 жасқа дейінгі әйелдар арасында: 1- орын Қалибас Ақмарал К. Байшығанұлы атындағы орта мектеп. 2- орын Игенбай Айнұр С. Сауранбаев атындағы орта мектеп. 3-орын Бөлебаева Жанат Абай орта мектебі.

35-45 жас аралығы ерлер арасында: 1- орын Маратов Ерлік А. Сарсенбайұлы атындағы орта мектеп. 2- орын Молдағали Әрсен С. Сарсенбаев атындағы орта мектеп. 3- орын Асанбеков Нұрсұлтан Сарыжаз кәсіптік техникалық колледжі.

35-45 жас аралығы әйелдер арасында: 1- орын Молдабаева Құралай Қайнар орта мектебі. 2- орын Жұманәлі Нұрила Сарыжаз кәсіптік техникалық колледжі. 3- орын Шинкисова Махаббат — С. Сауранбаев атындағы орта мектеп.

45 жастан жоғары ерлер арасында: 1- орын Әбу Мұрат А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп. 2- орын Үшқұлақов Қайрат Шәлкеде орта мектебі. 3- орын Байсбаев Амангелді Т. Жанұзақов атындағы орта мектеп.

45 жастан жоғары әйелдер арасында: 1-ші орын Әбілқайырова Айжан С. Сауранбаев атындағы орта мектеп. 2- орын Тұрсынбай Эльмира М. Мақатаев атындағы орта мектеп. 3- орын Байкүшікова Светлана Шәлкөде орта мектебі.

Білім мекемелері басшылары арасында шанамен 200 метрге жұптасып сүйреу жарысы бойынша: 1- орын Иманбаев Айдос — С. Сарсенбаев атындағы орта мектеп директоры Мұқажанова Ботагөз «Күншуақ» балабакшасының меңгерушісі. 2- орын Нұрғожаев Жанат С. Сауранбаев атындағы орта мектеп директордың орынбасары Тұрсынбай Эльмира — М. Мақатаев атындағы орта мектеп директордың міндетін уақытша атқарушы. 3- орын Исаев Жандос М. Мұсақулов атындағы орта мектеп директоры Әбдіғаниева Лаура- Абай атындағы орта мектеп директоры.

1,2,3 орын алған жеңімпаздар мен арнайы жүлдеге ие болған спортшылар білім қызметкерлері кәсіподағы «Қамқор-2» филиалының мадақтама қағазы мен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«ХАНТӘҢІРІ»

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар