8.6 C
Нарынкол
Воскресенье, 28 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ҒАЛЫМ-ТАЛАНТЫ БИІК ДАРЫН       

Аудандық білім бөлімінің басшысы Саят Ерсайынұлының бастамасымен әр мектеп өз өңірінен шыққан танымал, мақтан тұтар тұлғалармен кездесу, сұхбат, пікір алмасу форматында жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Мен сізді үлгі тұтамын» атты ашық алаң өткізу үрдіске айналған болатын. Осы орайда Талас ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде «Ауылдан шыққан ғалым-таланты биік дарын» тақырыбында кездесу сағаты өткізілген болатын. Бұл кездесуге 9-10-11 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар, кездесу сағатының басты қонақтары Талас ауылының тумалары Жанбаев Әбек Бердіғожаұлы мен Тұрбекова Гүлжахар Қожамбердіқызының отбасында дүниеге келіп, бүгінгі күні әр салада қызмет атқарып жүрген ұл қыздары болды. Атап айтқанда: Экономика ғылымының кандидаты, қалаларды тұрақты дамыту және сандық және жасыл технологиялар енгізу жөніндегі сарапшы – Жанбаев Ринат Әбдіқадырұлы. Техника ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор –  Жанбаева Ләззат Әбдіқадырқызы. Абай Университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің коплаенс сарапшысы–Жанбаева Жанат Әбдіқадырқызы. «Коммуникация және коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының ғылыми ізденушісі–Жанбаева Римма Әбдіқадырқызы. Жеке кәсіпкер –  Жанбаев Қанат Әбдіқадырұлы қатысты.

Оқушыларға  мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту тұрғысында жұмыстар ұйымдастыру, жас ұрпақтың болашағына дұрыс жол сілтеу мектептің тәрбие саласының басты мақсаты. Мектептен түлеп ұшқалы отырған 9-10-11-сынып оқушыларын қандай мамандықты таңдаймын немесе таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін деген ойлар мазалайтыны анық. Өткізілген кездесу сағатының осы тұста түлектерге берер көмегі мол. Оқушылар кездесу барысында аға, әпкелеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды. Жарқын болашаққа деген ұмтылыстарына қанат бітіп, үлкен жетістікке жетудің жолын да сұрап білді.     Ауылдағы қарапайым отбасынан шыққан әр саланың мамандық иелері, оқушыларға ғалым ретінде жеткен жетістіктері жайлы, оларды оқытқан ұстаздары туралы, ата-аналары туралы айта отырып жақсы ақыл-кеңестерін берді.

Іс-шараға аудандық «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Нөкеев Әділжан Қасымханұлы, аудандық «Қамқор-2» кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбекұлы Ұлықпан, аудандық білім бөлімінің басшысы Саят Ерсайынұлы, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ермек Бақытжанұлы, Талас ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Нұрлан Әкімбаев, ауылымыздың қарт ұстазы, тыл ардагері Халық Торғаев атамыз, аналар алқасының төрайымы Читебаева Бисара апайлар қатысып, оқушылар мен келген қонақтарға ақ тілектерін айтты.

Кездесу соңында келген қонақтардың атынан Ләззат Әбдіқадырқызы сөз алып ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Әбдіқадыр әулетінің атынан мектебіміздің бастауыш сынып кабинетіне смарт теледидар мен 3*1 форматты принтерді сыйлыққа тарту етті.

Мектеп әкімшілігі атынан  Жанбаев Әбдіқадыр атамыз бен Гүлжахан анамыздың ұл-қыздарына алғыс білдіреміз. Мектебімізде мұндай игі шаралар әлі де өз жалғасын табатынына сенім мол.

БАЙЖҰМАЕВА К. Е.

Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Соңғы жаңалықтар

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК, ҚАҒЫСЫ ЕРЕК – НҰРАҒА

1 сәуір – қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші-композитор, дирижер, домбырашы халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Осы орайда, қазақ...

Осыған ұқсас мақалалар