Қоғам үнемі дамып, өзгеріп отырады, сондықтан оның негізгі заңы да заманға сай жетілдірілуі тиіс. Бұл реформа еліміздің саяси жүйесін жаңғыртып, демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған.Әсіресе, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігінің кеңеюі – реформаның маңызды нәтижесі. Халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуы мемлекетке деген сенімді арттырады. Сонымен қатар, билік құрылымдарының жауапкершілігінің күшеюі – басқарудың сапасын арттырады.Конституциялық соттың құрылуы, адам құқықтарын қорғау механизмдерінің жетілдірілуі – құқықтық мемлекеттің негізін бекемдейді. Бұл өзгерістер еліміздің халықаралық беделін де арттырады, себебі құқық үстемдігі мен демократия – дамыған мемлекеттің басты көрсеткіштері. Мен бұл реформаны ел болашағына бағытталған батыл әрі дұрыс қадам деп санаймын.
Абиыров Медетхан
Райымбек аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

