Алкогольді шамадан тыс тұтыну – адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, тұрмысына және қоғамдық ортаға әсер ететін күрделі мәселе. Әдетке айналған ішімдік уақыт өте келе адамның еңбекке қабілетіне, қарым-қатынасына және әлеуметтік жағдайына кері ықпал етуі мүмкін.
Алкогольді тұтыну салдарынан отбасындағы түсініспеушілік, жанжал, тұрмыстық құқықбұзушылықтар сияқты мәселелер туындауы ықтимал. Әсіресе балалар тәрбиеленіп отырған отбасыларда ата-ананың жауапкершілігі ерекше маңызды. Бала үлкендердің әрекетін бақылап өсетіндіктен, салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен отбасынан басталады.

