Бұл өзгерістер билік жүйесін жаңғыртып қана қоймай, қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Қазіргі таңда әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тұрақты даму үшін саяси жүйе ашық, теңгерімді және халыққа есеп беретін болуы керек. Біздің еліміздегі реформа дәл осы бағытты ұстанады.Билік өкілеттіктерінің қайта бөлінуі басқару тиімділігін арттырып, шешім қабылдау процесін ашық етеді. Парламенттің рөлінің күшеюі, саяси партияларға қойылатын талаптардың жеңілдетілуі – саяси бәсекелестікті арттыруға ықпал ететін қадамдар. Бұл өз кезегінде қоғамдағы түрлі көзқарастардың ескерілуіне мүмкіндік береді.Сонымен қатар, реформа әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Жер мен табиғи ресурстардың халық игілігі үшін қызмет етуі туралы қағиданың нақтылануы – ұлттық мүддені қорғауға жасалған маңызды шешім. Мұндай өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, ортақ жауапкершілікті арттырады. Мен бұл реформаны еліміздің саяси мәдениетін жаңа деңгейге көтеретін тарихи мүмкіндік деп санаймын.
Омарова Балжан Әбуқызы
Райымбек аудандық Аналар кеңесінің төрағасы

