Нашақорлық – адамның денсаулығы мен өміріне ғана емес, отбасы мен қоғамның тұрақтылығына да кері әсер ететін күрделі мәселе. Әсіресе есірткіге қатысты ақпараттың әлеуметтік желілер арқылы таралуы жастар арасында сақтықты күшейтуді қажет етеді.
Жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен және шығармашылықпен айналысуы, құқықтық сауаттылығын арттыру – алдын алу жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі. Есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары қорқытуға емес, саналы таңдау жасауға бағытталуы қажет.

