Ол еліміздің саяси жүйесін жетілдіріп, қоғамдағы әділеттілік қағидатын нығайтуға бағытталған. Бүгінгі таңда халықтың үніне құлақ асатын, ашық әрі әділ мемлекет қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Реформа осы мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.Саяси жүйедегі өзгерістер бәсекелестікті арттырып, азаматтардың белсенділігін күшейтеді. Әрбір азамат өз елінің болашағына ықпал ете алатынын сезінуі – тұрақты дамудың кепілі. Сонымен қатар, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы басқару тиімділігін арттырады.Бұл реформа тек заңға енгізілген өзгерістер ғана емес, ол – жаңа ойлау жүйесі, жаңа жауапкершілік деңгейі. Мемлекет пен қоғам арасындағы серіктестікті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, әділеттілікті қамтамасыз ету – реформаның басты жетістігі. Мен бұл өзгерістер еліміздің жарқын болашағына берік негіз қалайды деп сенемін және оны толық қолдаймын.
Мекебаева Советхан Құдиярбекқызы
Қайнар ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрағасы

