-4.4 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главном«Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасадық

«Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасадық

Мен, Балқаш ауданының тұрғыны ретінде еліміз үшін бүгін тарих қойнауына алтын әріппен жазылатын күн екенін айтамын. Иә, бүгін біз болашақ үшін, оның келешегі жарқын болу мақсатында тарихи қадам жасадық. «Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасадық. Осы сәттері менің ойыма мына бір әфсана еске түседі. Баяғыда «Ырыс қайда барасың?» дегенде, «Ынтымағы, бірлігі ажырамаған елге барамын» депті. Сол аңызға бергісіз әңгімеде айтылғандай Балқаш жұрты «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білді. Тарихтың дөңгелегімен бірге осы қадамымызды ертең еске алатын боламыз. Сол сәттері біздің бүгінгі іс-әрекетіміз өзінің дұрыстығын айқындайды. Бүгіннен басталған үміт пен сенім ертең үлкен істердің бастауы болмақ.

Жаңалықтар