Алматы облысында 6 қазан мереке күні елімізде референдум өткен кезде 71 сәби дүниеге келді. Оның 35 — і — қыз бала, 36-сы-ұлдар. Кішкентайлар мен олардың аналары өздерін жақсы сезінеді. Бұл демографиялық өсудің көрсеткіші елдің жарқын болашағына үміт пен сенім ұялатады. Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда қазақстандықтар АЭС салу жөніндегі референдумға дауыс беруге қатысу үшін сайлау учаскелеріне келді.