6.6 C
Нарынкол
spot_img
ДомойБас тақырып | О главномӨнегелі отбасы өз таңдауын жасады

Өнегелі отбасы өз таңдауын жасады

Еңбекшіқазақ ауданың Нұра ауылындағы жалпыұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы, әйгілі саятшылар әулеті Исабековтер отбасы өз таңдауын жасады.
Қазақ халқында «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Рас, әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта. Сондықтан бұл отбасы ел болашағы үшін елеулі оқиғалардан қашанда сырт қалып көрген емес. Сондықтан отбасы мүшелері Сөгеті ауылдық округіндегі № 189 сайлау учаскесіне жалпы халықтық референдумға өз үндерін қосуға келіпті.
Исабековтер отбасы 1995 жылы «Жетіқазына» саятшы клубын құрып, 1995, 2003 жылы мұражай ашты. Бүгінде клубқа 11 құсбегі мүше. Сондай-ақ түрлі жарыстарға қатысатын 11 қыран бүркіт және бар. Олар елімдің саятшылық өнеріне зор үлеса қосып келеді.

Жаңалықтар