

Шекаралық аудан халқымен өткен кездесудің негізгі мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген тапсырмалардың өңірлерде орындалу барысын талқылау, қоғаммен кері байланыс орнату және өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Кездесу барысында аудан әкімі Дастан Құдабаев Жолдауда көрсетілген негізгі басымдықтар бойынша атқарылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан ауданның белсенді азаматтары өз ойларын білдіріп, түрлі салаларға қатысты өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Аудан әкімі жиынды қорытындылай келе, Жолдауда белгіленген бағыттар негізінде нақты жоспарлар жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

