1.1 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратТәуелсіз Қазақстанның төл теңгесімен құрдас - Қазынашылық жүйесі

Тәуелсіз Қазақстанның төл теңгесімен құрдас — Қазынашылық жүйесі

Қазақстан Республикасы Прези-дентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы Жарлығымен Қаржы министірлігі жанынан Қазынашылық басқармасы құрылды. Бұл уақыт талабы еді. Экономиканы басқарудың нарықтық әдістеріне өту кезеңінде бюджеттік процестің кең ауқымды шараларының бірі – қазынашылық ашылған соң, жер – жерде оның бөлімдері қанатын жайды. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 30 қазандағы № 1466 «Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің кейбір мәселелері туралы» Қаулысы бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарынан Бюджеттік банк таратылып, оның қолма – қол ақшадан басқа міндеттері қазынашылыққа беріліп, аймақтардағы қазынашылық бөлімдері жеке заңды тұлға ретінде қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 653 Жарлығына сәйкес, Алматы облысының Райымбек ауданың бөлу жолымен Кеген ауданы және Райымбек ауданы, əкімшілік — аумақтық бірліктері құрылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 931 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Райымбек аудандық қазынашылық басқармасы құрылды.

Осы орайда, Райымбек аудандық қазынашылық басқармасы тиісті өкілдігі құрылып, осы саланың бастау алған тұсында басшы қызметіне, қаржы саласына көп жылдан бері еңбегі сіңген қызметкер, қарапайымдылық пен ізгілікті, парасаттылық пен ұлылықты бойына тұмар етіп, мемлекеттік қызметті жауапкершілікпен атқарған, жоғары деңгейлі кәсіпқойлық көрсеткен, әріптестеріне үлгі болған —  Райымбек аудандық қазынашылық басқармасы басшысының лауазымына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № Ж-137 бұйрығымен, Бақыт Шалтабайұлы Омаров тағайындалды. 

Тәжирибелі азамат экономика және ұйымдастыру тұрғысындағы жұмысты жақсы меңгерген маман ретінде көрініп, Райымбек аудандық қазынашылық басқармасы 2020 жылғы 15 маусымынан бастап, Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы Райымбек көшесі № 29 «А», қайта кұрылғаң ғимаратынын (2 қабатында) Райымбек аудандық қазынашылық басқармасының басшысы болып жұмыс атқарып келе жатыр. Штат саны 7 бірліктен тұрған Райымбек аудандық қазынашылық басқармасыда жаңа леппен жұмыстарын бастап, лезде қолға алған істері жанданып, аудан қоғамдағы өз орындарын ойып тұрып алды.

Райымбек аудандық қазынашылық басқармасының басшы орынбасары болып, қазынашылық саласында ұзақ жылдар еңбегі сіңген қызметкер, барлық саналы ғұмыры мен жалынды жастығы өзінің сүйікті мамандығы – қаржы саласына арнаған, мемлекеттік қызметте, талмай еңбек еткен, білімді де білікті маман, ізденімпаз қызметкер ретінде танылып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 31 бұйрығымен — Шолпан Сайлаубекқызы Нурмекенова тағайындалды.

Қәзіргі танда, қазынашылық жүйеге 31 жыл толу мерейтойы қарсаңында, қаржы саласына еңбегі сіңген қызметкер, Райымбек аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Бақыт Шалтабайұлы Омаровты әңгімеге тарттық. Өз мамандығының білгірі, тәжирибелі басшы, басқарып отырған ұжымының еңбегіне тоқталды.

Дәл қазір, Райымбек аудандық қазынашылық басқармасында 6 қызметкер жұмыс істейді:

1. Басқарма басшысы Бақыт Шалтабайұлы Омаров;

2.      Басқарма басшысының орын-басары Шолпан Сайлаубекқызы Нурмекенова;

3.      Бас маман – бас қазынашысы Гульнара Мырзатайқызы Сыдыкбаева;

4.      Бас маман – бас қазынашысы Сая Шоханқызы Молдабек;

5.      Бас маман – бас қазынашысы Айгуль Багдатқызы Касенова;

6.      Жетекші маман – жетекші қазынашысы Венера Болатқызы Есқожаева.

Қазынашылық басқармасының қызметкерлері өздеріне бекітілген лауазымдық міндеттерін мемлекеттік қызметкер ретінде жақсы орындап, біліктлігі мен білімдерін үнемі көтеріп, кәсіпқойлық деңгейлерін жоғары дәрежеге жеткізуге мақсат қойып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың — Қазақстан халқына Жолдаулары аясында қызмет атқаруда. Ұжым ауданның қоғамдық өміріне де белсене араласып, мәдени шараларға да бірауыздан атсалысады. Басқарма басшысының айтуынша, қазынашылықтың негізгі мақсаты — түсімдер мен шығыстар бойынша республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру, есеп – операциялық жұмыстарды ұйымдастыру, нормативтік – құқықтық актілерді сақтай отырып, төлемдер жүргізу. Осы міндеттерді орындап келе жатқан басқарма жұмысының нәтижесіне көз жүгіртсек, аудан бюджетіндегі ілгерілеушілік көзге бірден шалынады.

Ұйымдастырушылық қабілеті мықты басшы Бақыт Шалтабайұлының ел экономикасы дамуына өзіндік көзқарасы бар. «Алпауыт мемлекет Ресей мен бұрынғы одақтас елдердің ішінде Қазақстанның экономикасы көш ілгері деуге болады. Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауы барысында атқарылып жатқан шараларды өз деңгейінде бағалау керек. Елімізде жас мамандарға, әсіресе мемлекеттік қызметкерлерге өте жоғары талаптар қойылған. Біздің бірінші байлығымыз – бірлік пен татулық, тыныштық, халықтың қауіпсіздігі қорғалған. Осыған шүкіршілік ете отырып, барымызды ұқсата білуіміз қажет. Экономикамыздың тұрақтылығын сақтап тұру үшін, Ұлттық қорды нығайту керек. Қаржылық тапшылыққа қарсы тұруға Ұлттық қордан көмек көп болмақ. Менің ойымша халыққа көрсетілген көмек атаулы сипатта болса жақсы. Мемлекеттің қаржылық қолдауын әр азамат сезінуі керек. Көп жағдайда мемлекеттің қаржысы дұрыс қолданысқа түспейді. Мемлекет басшысының қадағалауындағы мұндай шаралар оң шешімін тапса, халықтың жағдайы қалыпты болар еді.»

P.S. Ұлттық теңгемен құрдас қазынашылық басқармасы аудан экономикасы мен халықтың әл – ауқатының артуына өз дәрежесінде үлесін қосып отырса, бюджеттің беделі биік болса, ертеңгі күндердің жарқын боларына сенімі зор. Ендеше, Қазынашылықтың жеткен жетістіктері мен мерейлі тойы бәрімізге ортақ мәртебе. Жанұя мен туыс, барша достарыңыздың ортасында мерейіңіз үстем мәртебеңіз биік болсын! Өмір жастарыңыз ұзақ, денсаулықтарыңыз мықты, мерейіңіз үстем бола беруіне, жапырағын жайған саялы бәйтеректей туыстарыңыздың арасында ақылшы, қамқоршы болып жүре беруіңізге шынайы тілектестік білдіреміз.

Дастан ЖАНАСЫЛ

Жаңалықтар