1.1 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЕҢБЕГІ КӨПКЕ ҮЛГІ БАҚЫТБЕК ЕЛЕУСІЗҰЛЫ

ЕҢБЕГІ КӨПКЕ ҮЛГІ БАҚЫТБЕК ЕЛЕУСІЗҰЛЫ

Ең қауіпті мамандықтардың бірі электрик. Өйткені, адам өміріне қауіпті тоқтарды жалғап өміріңді қатерге тігесің. Оқыс жағдай да болуы мүмкін. Бірақ, қызметіне адал адам үшін бұл сылтау емес. Осылай деген кейіпкеріміз Қабылбеков Бақытбек Елеусізұлы нағыз еңбек адамы. Ол күн сайын тынымсыз еңбек етіп қана қоймай екінің бірінің қолынан келе бермейтін тәуекелге толы жұмыс істейді.  

Бақытбек Елеусізұлы 1969 жылы қыркүйек айының 12-жұлдызында  Нарынқол ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1994 жылы Райымбек ЭТА электр тарату торабының жүргізушісі болып бастаған. Қазіргі таңда аталған мекеменің пайдалану жөніндегі электромонтеры. Б. Қабылбеков осы мекемеде табан аудармай 31 жыл қызмет еткен. Аталған салада ұзақ жыл тәжірибесі бар электромонтер жастарға білгенін үйретуден жалыққан емес. Жас мамандарға бірінші кезекте қауіпсіздік ережесін сақтауды, асығыстыққа бой алдырмауды, әр нәрсеге салғырт қарамауды, үнемі дамып әрі жаңа технологияларды меңгеруге кеңес береді.

Бақытбек ағамыз ұзақ жылғы адал еңбегінің және біліктілігінің арқасында мамандығы бойынша 2024 жылдың «Жыл үздігі» болып танылды. Қыстың аязы, жаздың аптабына қарамай халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету жолында талмай еңбектеніп жүрген еңбек адамының алған марапаттары да аз емес. Электромонтерлар арасындағы жарыста ауданымыздың намысын Республика, және облыс көлемінде бірнеше рет қорғаған.

Қиындығы мен қызығы, ыстығы мен суығы қатар жүретін мамандықты өзіне 31 жыл серік еткен Бақытбек Қабылбековтың табанды еңбегі көпке үлгі болары сөзсіз.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ

Жаңалықтар