Домойhantengrigazeti.kz ақпаратАта Заңдағы адам құқықтары мен цифрлық қауіпсіздік кепілдігі

Ата Заңдағы адам құқықтары мен цифрлық қауіпсіздік кепілдігі

Жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға және құқықтық кепілдіктерді нығайтуға ерекше назар аударылған. Негізгі заңда жеке деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікке қатысты кепілдіктердің бекітілуі қазіргі қоғамның сұранысымен сабақтас.

Цифрлық кеңістікте адамның жеке ақпараты, хат алмасуы және өзге де деректері қорғалуы тиіс. Технология дамыған сайын азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдері де жетілдірілуі қажет. Осы тұрғыдан алғанда, цифрлық құқықтардың конституциялық деңгейде танылуының маңызы зор.

Ата Заңның мәні оның баптарын жаттап алумен шектелмейді. Ең бастысы – әр азамат өз құқығын біліп, оны заңды жолмен қорғай алуы және өзгенің бостандығына құрметпен қарауы керек.

Жаңалықтар