2 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратҚазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - Теңге

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы — Теңге

Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге. Теңге біздің елдің тәуелсіз-дігіміздің белгісі. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі — ұлттық валюта. Олай болса, Қазақстан Республикасының да айрықша белгі- сі ұлттық валютасы теңге. Ол — Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін өзіне тән белгілері болады. Ақша — асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Түркі тілдес халықтың «тәнге» деген ақша атауынан орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. Ал, 1991 жылы еліміз Тәуелсіздігін алғаннан соң Елбасының Жарлығымен Тәуелсіз елдің өзіндік айрықша валютасы болу керектігі аталды. Сөйтіп, Ұлыбританиядағы «Харисан енд санс» компаниясына тапсырыс жасалып, 1993 жылдың 12 қарашасында елімізге ұлттық валютамыз теңге енгізіліп, Елбасының бұйрығы бойынша 1993 жылы 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы аумағында теңге валютасы айналымға енгізілді. Ал, алғашқы тиындарымыз Германияда жасалынды.
Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақ-тың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Ақша — бір немесе бірнеше затты сатып алу үшін, сол заттың құнын білдіретін металдан, қағаздан жасалған белгілер. Алғаш шыққан қағаз теңгелерде қазақ халқының мақтанышына айналған Әбу Насыр әл-Фараби, Абылай хан, Әбілхайыр, Шоқан, Абай, Құрманғазы, Сүйінбай сияқты бір туар дара тұлғалардың бейнелері, екінші бетінде Елтаңбамен бірге халқымыздың тарихынан сыр шертетін суреттер берілген. «Сақ стилі» – Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған жаңа банкноттар сериясы. Бұл дизайн элементтері ежелгі сақ мәдениетінің мотивтері-мен байланыстырылған, сондай-ақ ұлттық дәстүр мен тарихымызды бейнелейді. Жаңа сериядағы банкноттарға бұрынғы банкноттарға қарағанда өзгерістер енгізілген: Өлшемдері кіші — есептеу, тасымалдау және сақтау үшін ыңғайлы етіп шығарылған. Қауіпсіздік элементтері күшейтілген — мысалы микрооптикалық эффектілер, екі түсті қауіпсіздік жіптері, арнайы фольга элементтері, көлемді эффектілерден тұрады. Банкнот шеттерінде көзге көрінетін рельефті элементтер ерекшеленген. Дизайнда ұлттық символика, жануарлар әлемі мен табиғат бейнелері бейнеленген. Теңге тәуелсіздігіміздің тірегіне, егемендігіміздің ерекше белгісінің біріне айналды. Биыл Ұлттық тең-геміздің қолданысқа енгеніне 32 жыл толды. Ұлтымыздың мақтанышы Ұлттық теңгеміздің мерекесі құтты болсын демекпіз. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда деп ойлаймыз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көкбайрағы биік-теп, арманың өжет, Алашым» деп тілек айтпақпыз. Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе баршаңызға бейбіт өмір тілеймін!

ТӨЛЕЙБАЕВА Мадина,

М.Мақатаевтың әдеби — мемориалды музейінің қор сақтаушысы

Жаңалықтар