Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЖаңа Конституция – жаңарған құқықтық кезеңнің бастауы

Жаңа Конституция – жаңарған құқықтық кезеңнің бастауы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданып, сол жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Бұл – елдің конституциялық дамуындағы маңызды кезең. Жаңа Негізгі заңда мемлекеттің басты құндылықтары ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары айқындалған.

Конституцияда заң үстемдігін қамтамасыз ету, ұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім мен ғылымды дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау секілді бағыттар көрініс тапқан. Сонымен бірге адам капиталы, инновация және цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне де конституциялық деңгейде мән берілген.

Жаңа Конституцияның мазмұнын білу – әр азаматтың құқықтық сауатын арттыруға мүмкіндік береді. Өйткені Ата Заңдағы қағидаттар мемлекеттің ғана емес, қоғамның да ортақ даму бағдарын айқындайды.

Жаңалықтар