1.7 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ЖАС МАМАН

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ЖАС МАМАН

Қоғамның дамуы – ең алдымен, сол қоғамда еңбек етіп жүрген адамдардың ниетіне, жігеріне және сеніміне байланысты. Бүгінгі Қазақстанның келешегін қалыптастыратын жас буынның арасында туған еліне адал, жауапкершілігі жоғары, заманауи көзқарасы бар мамандар аз емес. Бүгінгі заман – ізденіске толы, жаңа ой мен серпіннің дәуірі. Осындай кезеңде қоғамның дамуына үлес қосып жүрген жас, креативті тұлғалар – еліміздің нағыз байлығы. Кәзіргі қоғамда мемлекет қызметінің сапасы мен абыройы – сол қызметті адал атқарып жүрген жас мамандардың еңбегімен өлшенеді. Солардың бірі – Райымбек ауданының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы — Жанерке Ербосынқызы Сман. Жас болса да, жауапкершілігі мол істі абыроймен атқарып жүрген Жанерке Ербосынқызы – ел ісіне шын берілген, іскер де ізденімпаз мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен сенім жүгін арқалаған абыройлы міндет. Бұл салада ел игілігі үшін табанды еңбек етіп жүрген жас мамандардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Жанерке Ербосынқызы — жас болса да, өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен және биік мақсатқа ұмтылысы арқылы әріптестерінің, басшыларының және аудан халқының сеніміне ие болған тұлға. Туған жері Райымбек ауданында өсіп, білім алып, Алматы қаласында жоғары оқу орнын табысты тәмамдаған соң, туған өлкенің қоғамдық — саяси өміріне белсене араласып келеді. Оның қызмет жолының басты ұстанымы – “Елге қызмет ету – ең үлкен мәртебе” қағидасы.

Жанерке Ербосынқызы – өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын, қоғамдық сана мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру жолында қажырлы еңбек етіп жүрген жас мемлекеттік қызметші. Ол атқарып отырған қызметінің маңызын терең түсінеді және оны үлкен ықыласпен, адалдықпен орындауды басты қағидасы санайды. Жанерке Ербосынқызы – жай ғана мемлекеттік қызметші емес. Ол – идея тудыра білетін, оны іске асыра алатын, ел ісіне шын жанымен берілген жас. Әр жұмысында шығармашылық серпін мен жауапкершілік қатар жүреді. Бір қарағанда нәзік болмысты, бірақ іс жүзінде табанды, мақсаткер, өз ортасына рух беретін тұлға.

Ішкі саясат бөліміндегі қызмет барысында ол ауданның идеологиялық бағыттағы жұмыстарын үйлестіріп, жастар саясаты, үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс, ақпараттық — түсіндіру және қоғаммен коммуникация саласында зор үлес қосып келеді. Әрбір іс-шараны сапалы өткізіп, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған жобаларды табысты жүзеге асыру – оның кәсіби шеберлігінің айғағы.

Жанерке Ербосынқызы қызметтестерінің, басшылық пен аудан тұрғындарының сеніміне ие болған, мәдениеті мен адамгершілігі жоғары, өзін үнемі жетілдіріп отыратын жас маман. Ол әріптестерімен бірлесе отырып, ауданның қоғамдық өмірін жандандыруға, ел бірлігін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдап, жаңа идеялар ұсынудан жалыққан емес.

Жанерке Ербосынқызына жұмыстын қыр – сырың үйретіп жүрген,  Райымбек ауданының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жәмилә Оразақынқызы Қоқымбаева – мемлекеттік қызметке адалдық пен жауапкершіліктің үлгісі. Ол өзінің кәсіби білімі мен тәжірибесін ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға арнап келеді.

Жәмилә Оразақынқызының басшылығымен аудан көлемінде мемлекеттік саясатты насихаттау, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл орнату, жастармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу бағытында бірқатар маңызды жобалар табысты жүзеге асырылды.

Қызметінде талапшыл, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы ретінде танылған ол ұжым ішінде өзара сыйластық пен іскерлік атмосфераны қалыптастырып, әріптестеріне өнеге болып келеді. Жәмилә Оразақынқызының еңбегі ауданның әлеуметтік-саяси дамуына және халықтың мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенімін арттыруға елеулі үлес қосып отыр. Кез келген қоғамның тірегі – ел үшін адал қызмет ететін тұлғалар. Жәмилә Оразақынқызының еңбек жолы – табандылық пен ізденістің, адалдық пен парасаттың жарқын көрінісі. Жәмилә ханым әрбір ісіне жауапкершілікпен қарап, аудан өміріндегі қоғамдық тұрақтылықты, татулық пен бірлікті сақтауға үлкен үлес қосып келеді.

Ол үшін басшылық – мансап емес, үлкен міндет пен сенім. Сол сенімді ақтау үшін күні-түні еңбек етіп, түрлі деңгейдегі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Ауданның жастарына үлгі боларлық парасат иесі, іскер басшы, өз ісінің нағыз маманы – осылайша, Жәмилә Оразақынқызының есімі Райымбек өңірінде құрметпен аталады.

Жанерке Ербосынқызына — тұлға болып қалыптасуына ең алдымен отбасының ықпалы зор. Әр баланың бойындағы адамгершілік, мейірім мен еңбекқорлық қасиеттері ең әуелі ата-анасының тәлім-тәрбиесінен бастау алады. Сол секілді Жанерке Ербосынқызыда өнегелі отбасында тәрбиеленіп, әке мен ананың ақылы мен жылуын, бауырларының қамқорлығын көріп өскен жаны ізгі, рухы биік ару.

Жанеркенің әкесі – Ербосын Сманұлы өмірдің мәнін еңбектен, адалдық пен жауапкершіліктен  тапқан абзал жан. Ол әрдайым балаларына «Еңбек – адамды биікке шығаратын басты күш» деп айтып, өз ісімен үлгі бола білді. Әкенің сабырлы мінезі мен талапшылдығы Жанеркеге табандылық пен төзімділікті үйретті.

Ал Жанеркенің анасы – Райхан Манапқызы мейірім мен ізгіліктің символы. Үнемі жылы сөз айтып, отбасына шуақ сыйлап жүретін ананың жүрегі кең, қолы ашық. Анасының балаларына деген махаббаты мен ақыл-парасаты Жанеркенің нәзік те рухты, қайырымды болып өсуіне себеп болды.

Жанерканың бауырлары да – оның өміріндегі үлкен тіректері. Ағасы Ақжол – ақылшы, қамқор бауыр. Ол әрқашан қарындасына бағыт көрсетіп, қиын сәттерде сүйеніш бола білді. Ал әпкесі Акерке мен сіңілісі Мерей – Жанеркенің қуанышы, сырласы. Бауырлардың арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластық – отбасының басты байлығы.

Осындай тату-тәтті, сыйластық пен мейірімге толы отбасында тәрбиеленген Жанерке бүгінде өмірге сеніммен қарайтын, жүрегі жылы, арманы биік азаматша болып қалыптасты. Оның бойындағы ізгі қасиеттер – ата-анасының ақылы мен бауырларының ықыласының жемісі.

Отбасы – адамның өміріндегі ең қымбат қазына. Жанерке Ербосынқызының отбасындағы өзара құрмет пен сүйіспеншілік, бірлік пен татулық – көпке үлгі боларлық өнеге.

Жанерке үшін мемлекеттік қызмет – жай ғана жұмыс емес, бұл – елге қызмет етудің ең биік жолы. Ол қоғамдағы әрбір оң өзгерісті жүрегімен қабылдайды. Қоғамдық бастамалар, жастардың белсенділігі, мәдени және идеологиялық жобалар – бәрі оның күнделікті еңбегінің бір бөлігі.

Жанеркенің еңбегінде жігер мен ізденіс қатар жүреді. Ол ұйымдастырған іс-шаралар тек ресми форматта емес, әр азаматтың жүрегіне жол табатындай мазмұнға ие. Жастармен ашық сөйлесіп, тың идеяларға жол ашу, жаңа көзқарасты қолдау – оның басты ұстанымдарының бірі.

Жанерке күн сайын жаңа оймен оянады: «Елге қандай пайда тигізе аламын? Қоғамдық санаға қандай үлес қоса аламын?» деген сұрақтар оның өмірлік серігіне айналғандай. Сондықтан болар, аудандық деңгейде өткізілетін әрбір мәдени, идеологиялық және жастарға арналған шараның артында оның қолтаңбасы бар.

«Еліміздің ертеңі – жастардың қолында. Ал жастардың рухын ояту – біздің парызымыз» деген Жанерке Ербосынқызының сөзі оның ішкі сенімін айқын аңғартады. Бұл – жай ғана сөз емес, оның өмірлік бағыты, кәсіби миссиясы. Ішкі саясат саласындағы қызметінде Жанерке қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, ел бірлігін нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді. Әрбір істің артында үлкен еңбек, жанашырлық және сүйіспеншілік бар.

Жанерке Ербосынқызы – жаңа дәуірдің жас тұлғасы. Ол білімді, парасатты, елге қызмет етуді өзінің басты мақсатына айналдырған маман. Осындай жастардың еңбегі – елдің ертеңіне деген сенімді нығайта түседі. Жанерке Ербосынқызының басты өмірлік ұстанымы – «Мемлекеттік қызметші болу – халыққа адал қызмет ету деген сөз». Бұл сөз оның күнделікті еңбегінің, жүрек қалауымен таңдалған жолының мәнін айқын көрсетеді.

Бүгінгі жас буынның бойындағы рух, жаңашылдық пен жауапкершілік – мемлекеттің болашағын айқындайтын басты күш. Мемлекеттік қызметшіге тән сабырлылық пен талапшылдық, кәсібіне адалдық пен жауапкершілік – Жанеркенің басты қасиеттері. Ол өзінің білімі мен тәжірибесін ел игілігіне жұмсап, жастарға үлгі бола білген тұлға.  

Жанерке Ербосынқызы – өз ісін сүйетін, елінің болашағына сеніммен қарайтын, жүрегі ел деп соққан жас маман. Осындай ұрпақтың барында Қазақстанның ертеңі нұрлы, болашағы жарқын болары сөзсіз.

        Өз тілшіміз

Жаңалықтар