Айша Құдайбергенқызы – кәсіби жолын адам өмірін арашалауға арнаған, жоғары білікті дәрігер-офтальмолог. Ол 1955 жылы дүниеге келген.
🎓 1972–1978 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алып, 1978–1979 жылдары Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында интернатурадан өтіп, көз дәрігері мамандығын иеленді.
👩⚕️ Еңбек жолын 1979 жылы Нарынқол аудандық ауруханасында бастады.
📌 2003–2013 жылдары – онколог дәрігер,
📌 2013–2016 жылдары – емхана бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Қазіргі уақытта да офтальмолог ретінде тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді.
🏅 2018 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Алтын дәрігер» төсбелгілерімен марапатталған.
✅ Медицина саласындағы еңбек өтілі – 46 жыл.
🩺 Айша Құдайбергенқызы – өз ісінің шебері, нағыз халық жанашыры. Оның көпжылдық тәжірибесі мен адал еңбегі – жас мамандарға үлгі, ел үшін үлкен мақтаныш.
👏 Медицина саласына қосқан зор үлесі үшін Айша Құдайбергенқызына алғыс білдіреміз!