Бұл бастама — еліміздің дамуына бағытталған маңызды қадам. Заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік нысандардың салынуы – әділдіктің орнауы мен халық игілігі үшін нақты нәтиже беретін шара. Әсіресе, білім, денсаулық, сумен қамту және спорт салаларына басымдық берілуі – ел азаматтарының өмір сапасын арттыруға зор үлес қосады.