Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру және технологиялық әріптестік — екі елдің болашаққа бағытталған стратегиялық ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі. Қытайда білім алатын қазақстандық студенттердің санының артуы, Қытай университеттерінің филиалдарының ашылуы және «Лу Бань шеберханалары» сияқты жобалардың жүзеге асуы -бұл тек академиялық алмасу ғана емес, сонымен қатар білікті кадрлар даярлау мен технологиялар трансферіне жол ашатын нақты қадамдар. Мұндай бастамалар екі елдің ғылыми-техникалық әлеуетін біріктіруге және инновациялық серіктестікті дамытуға берік негіз қалайды.Шәлкөле ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушыс Ораш Құралай Бақытқызы