2024 жылдың Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы ретінде жариялануы мәдени-гуманитарлық байланысты тереңдетудің маңызды қадамы болды. Ұйымдастырылған іс-шаралар мен жасалған келісімдер Қазақстанды Қытай азаматтары үшін тартымды туристік бағыт ретінде таныстырып, туристер ағынының 50%-ға өсуіне ықпал етті. Визасыз режимнің енгізілуі — сенім мен серіктестіктің жоғары деңгейінің белгісі. 2025 жылы бұл үрдістің Қазақстанда жалғасуы екі ел арасындағы байланыстардың одан әрі нығаюының айқын дәлелі.Туризм — тек демалыс емес, ол экономикалық, мәдени және әлеуметтік ықпалдастықтың маңызды арнасына айналып отыр.
Сарыжаз ауылдық округінің әдіскер нұсқаушысы Нұрсали Ерғанат Талғатұлы.