12.9 C
Нарынкол
spot_img
ДомойСпорт«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛДАН  I- СПАРТАКИАДАСЫ»

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛДАН  I- СПАРТАКИАДАСЫ»

Мансап орталықтарының қызметкерлері волейболдан өзара мықтыны анықтады. Шамалған ауылында орналасқан «Ushqonyr» спорт кешенінде Алматы облысына қарасты  Мансап орталықтарының қызметкерлері арасында волейболдан тартысты жарыс өтті. Жарыс барысында қатысушылар спорттық дайындықтарын көрсетіп қана қоймай, өзара ынтымақ пен ұйымшылдықтарын көрсетті.

Шараны «Алматы облысының Еңбек мобильдігі орталығы» ұйымдастырды. Ашылу салтанатына «Алматы облысы еңбек мобильділігі орталығының» директоры Абылай Зуайда, «AMANAT» партиясының Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов, «AtlantMedia» ЖШС-нің  директоры, жергілікті «Naqty» газетінің бас редакторы Атлана Исаева және аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сунбеков арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа облыстық Еңбек мобильдігі орталығынан, Қонаев және Алатау қаласы мен 9 ауданнан келген Мансап орталықтарының қызметкерлерінен құралған 12 команда бақ сынасты. Турнир жоғары деңгейде өтті. Бұл шара ұжым қызметкерлерінің ұйымшылдығын арттырып, спорттық сергектік пен жағымды көңіл-күй сыйлады.

Тартысты өткен бұл спартакиада Мансап орталықтары қызметкерлерінің  кәсіби  бірлігін, салауатты өмір салтын қолдайтынын және ұжымдық рухын тағы бір мәрте дәлелдеді. Райымбек ауданының Мансап орталығы қызметкерлерінен құралған команда спартакиадаға белсене қатысып, алғашқы үштіктің қатарынан көрінді.

Қызықты сәттерге толы болған спартакиада нәтижесінде, барлық кездесулерде қарсыластарына дес бермей, жақсы ойын көрсеткен Жамбыл ауданының командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Райымбек ауданының командасы ІІ-орынды иеленсе, Талғар ауданының командасы  ІІІ-орынды еншіледі. Сонымен қатар, волейбол турнирі аясында арнайы номинациялар бойынша да үздіктер анықталды.

Алдағы уақытта да бұл бастама өз жалғасын тауып, дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.

ӘЛІМАҚЫН Айдана Тәліпақынқызы,

Райымбек ауданы бойынша мансап орталығының маманы 

Жаңалықтар