Жобаның алғашқы іргетасы 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қаланды. Сол тұста Білім және ғылым министрлігінің үйлестіруімен «Оқитын мектеп — оқитын ұлт» жобасы іске қосылды. Басты мақсат — мектеп кітапханаларының қорын жаңарту, балалардың ерте жастан кітапқа деген құштарлығын ояту және оқу сауаттылығын арттыру болды

