Домойhantengrigazeti.kz ақпаратКибералаяқтық пен «дропперлік» — заң алдындағы қатаң жаза

Кибералаяқтық пен «дропперлік» — заң алдындағы қатаң жаза

Бүгінде алаяқтар банк қызметкері, полицей немесе пошта курьері ретінде хабарласып, азаматтардың жеке деректері мен SMS-кодтарын иемдену арқылы шоттағы қаражатты жымқыруда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жасалған алаяқтық ауырлататын мән-жай саналып, мүлкін тәркілеумен және 7 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Сонымен қатар, заңнамаға енгізілген 232-1-бапқа сай, ұрланған ақшаны шешіп алу үшін өз банк картасын немесе шотын бөгде адамдарға сыйақыға ұсыну (дропперлік) да жеке қылмыс түрі ретінде танылып, қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Жаңалықтар