Мемлекет басшысы Жолдауында кейінгі ұрпаққа заманауи инфрақұрылымы қалыптасқан, технологиялық тұрғыдан дамыған ел қалдыру міндетін атап өтті. Бұл – тек мемлекеттік бағдарламалар мен құрылыс жобалары арқылы жүзеге асатын мақсат емес. Оның табысты орындалуы әр азаматтың еңбекке деген көзқарасына да байланысты.
Қоғамның дамуы үшін біреу жаңа ғимарат салса, екіншісі сапалы білім береді, тағы бірі адал еңбегімен өнім өндіреді. Осындай күнделікті еңбектің барлығы елдің ортақ жетістігін қалыптастырады. Ал мемлекеттік мүлікті қорғау, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын талап ету, заңсыздыққа жол бермеу – азаматтық бақылаудың маңызды көрінісі.
Ел болашағына салынған инвестиция – бүгінгі адал еңбек

