-6.5 C
Нарынкол
spot_img
ДомойСпортШАҢҒЫДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ШАҢҒЫДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Жуырда Сарыжаз ауылында Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен шаңғы жарысынан Алматы облысының чемпионаты өтті. Жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы, Алматы облыс- тық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сарабеков Ерболат Сарабекұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп құттықтау сөз сөйледі.   

Аталған іс-шараға Қонаев қаласы, Райымбек, Ұйғыр, Балқаш, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Кеген, Талғар, Іле аудандарынан 10 команда, 120-дан аса спортшы қатысты. Облыс көлемінде іріктелген шаңғышылардың жарысы екі күнге созылды. Кіл мықтылар жиналған спорттық сайыс тартысқа толы болды.

Жарыс қорытындысы бойынша 18-23 жас қыздар арасында ІІІ-орын Оразбай Әмина, ІІ-орын Зубарева Валерия, І-орын Ренатқызы Аяулым. 18-23 жас ұлдар арасында ІІІ-орын Ғаниұлы Мирас, ІІ-орын Серікболұлы Көпжасар, І-орын Авизов Богданиеленді. 24-30 жас  қыздар арасында ІІІ-орын Абай Аяулым, ІІ-орын Кихтенко Екатерина, І-орын Пивоварлва Надежда. 24-30 жас  ұлдар арасында ІІ-орын Жақсылық Алмат, ІІ-орын Совет Мақсат, І-орын Жайырбек Қуатбек, 31-40 жас қыздар арасында ІІІ-орын Сейдалимова Жулдыз, ІІ-орын Жуманәлі Нурилә, І-орын Тилеубекова Эльмира. 31-40 жас  ұлдар арасында ІІІ-орын Бектаев Асет, ІІ-орын Нұрмухамбетов Дулат, І-орын Кенешов Диас. 41-50 жас қыздар арасында ІІІ-орын Бекмуханбетова Айжан, ІІ-орын Кремпин Лариса, І-орын Әбіт Гул. 41-50 жас ұлдар арасында ІІІ-орын Омурахутов Ерман, ІІ-орын Маратов Ерлік, І-орын Крухмаоев Владимир. 51-62 жас қыздар арасында ІІІ-орын Ильясова Гаухар, ІІ-орын Тұрсынбай Эльмира, І-орын Серкебаева Сапаргул. 51-62 жас ұлдар арасында ІІІ-орын Бахтиев Абдурашит, ІІ-орын Султангазиев Жанболат, І-орын Жанасов Болатжан. 63 және одан жоғары Әйелдер арасында ІІІ-орын Байзова Орынхан, ІІІ-орын Жигабекова Панархан, ІІ-орын Джуматаева Нұрлықыз, І-орын Жилгелдиева Нурсара. 63 және одан жоғары Ерлер арасында ІІІ-орын Аманбаев Жақсылық, ІІ-орын Нуркабеков Нурбақыт, І-орын Асанов Ердос.

Эстафеталық жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында ІІІ-орын Талғар ауданы, ІІ-орын Іле ауданы, І-орын Райымбек ауданы иеленді. Әйелдер арасында ІІІ-орын Қонаев қаласы, ІІ-орын Райымбек ауданы, І-орын Талғар ауданы иеленді.

Жарыс бойынша жалпы командалық есепте ІІІ-орын Еңбекшіқазақ ауданы, ІІ-орын Талғар ауданы, І-орын Райымбек ауданына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота, кубок, диплом және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ,

Сарыжаз ауылы

Жаңалықтар