11.9 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратМОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚАҚПАҚ ЖӘНЕ КӨКБЕЛ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫРДЫ…

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚАҚПАҚ ЖӘНЕ КӨКБЕЛ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫРДЫ…

«AMANAT» партиясы Райымбек аудандық филиалының төрағасы Арипова Гулнара Рауанқызы, Райымбек аудандық мәслихат депутаты Себдайров Марат Манапұлы, Райымбек аудандық «Ауыл шаруашылығы бөлімінің» басшысы Дүкенбай Жанат Нұрдаулетұлы, Райымбек ауданы әкімдігінің “Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің” басшысы Себдайыров Бауыржан Маратұлы, Райымбек ауданы әкімдігінің “Мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің” басшысы Қожанов Бауыржан Аманжолұлымен Көкбел ауылында мобильдік қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауға ауыл тұрғындары қатысып, өз өтініштерін білдіріп, сұрақтарын қойды.

Мобильдік қабылдау барысында Райымбек аудандық партия филиалының төрағасы Г.Р.Арипова «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларының, партия жобаларының кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде сөз қозғады және осы Мобильді қоғамдық қабылдау арқылы бірнеше тұрғынның сұрағы шешілгендігін айтып өтті.

Мобильдік қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар қабылдау кезінде Көкбел және Қақпақ ауылының тұрғындары өз өтініштерін жасады. Өтініштерге тоқтала кетсек: Қақпақ ауылында жұмыс істейтін азаматша өзінің айлық ақысының аз екен айтып өтсе, Қақпақ ауылының су жүйесі үнемі істен шығатындығын және әлі күнге дейін су есептегіш құралдың толық орнатылмағандығын және Қақпақ шаттың ауызындағы бөгетті жылда көктемде су шайып кететіндігі айтылды. Сонымен қатар, Қақпақ ауылының мәдениет үйі 2023 жылы күрделі жөндеуден өткенімен, осы күнге дейін материалдық базасы жаңартылмағанын айтып өтініш жасап келді және Көкбел ауылының тұрғындары Көксай орта мектебі күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен болатын алайда әлі күнге дейін құрылыс толық аяқталмай қолданысқа беріліп кеткен, осы мектептің құрылыс жұмыстарының толық аяқталуына ықпал жасаса десе, ауыл аманаты жобасы аясында 2,5 % несие алуға ықпалдассаңыз деп өтініш жасап келді, сонымен қатар осы сынды жер мәселесі және т.б мәселелер көтерілді. Мобильдік қоғамдық қабылдау қортындысына сәйкес тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп қадағалау жұмыстары жүргізілетін болады.

Жаңалықтар